$ 489.06  536.21  5.05

Назарбаевтың экс-күйеу баласының неден қайтыс болғаны анықталды

Оның денесі Мәскеу облысындағы Рублево-Успенск тас жолындағы ауылдағы үйден табылған болатын.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Асқар Ақаевтың ұлы, Назарбаевтың экс-күйеу баласы Айдар Ақаевтың неден қайтыс болғаны анықталды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы РЕН ТВ-ге сілтеме жасап.

6 ақпанға қараған түні Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың 43 жастағы ұлы Айдар Ақаев қайтыс болды. Оның денесі Мәскеу облысындағы Рублево-Успенск тас жолындағы ауылдағы үйден табылған.

Оқиға бойынша тексеру барысында оның жүрек ұстамасы алкоголь мен кокаиннен болғаны анықталды.

Асқар Ақаев – Кеңес және Қырғыз мемлекеттік және саяси қайраткері, 1990 жылдан 2005 жылға дейін Қырғыз Республикасының президенті болған. Қазіргі уақытта ол Ресей астанасында ғылыми қызметпен айналысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары