$ 494.87  520.65  4.91

Гүлнара Каримованың денсаулығы нашарлап кетті

48 жастағы Гүлнара Каримова мемлекет мүлкін жымқырды, салық төлеуден жалтарды, басқа да экономикалық және қаржы қылмыстарын жасады деп танылған
Фото: uznayvse.ru
Фото: uznayvse.ru

Зәңгіата колониясында отырған Гүлнара Каримованың денсаулығы соңғы күндері тым нашарлап кеткенін Каримованың қызы Иман инстаграмм парақшасында жазды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Иман Каримованың айтуынша, оның анасы қазір колонияның санитария бөлімінде отыр, оған пневмония диагнозы қойылған.

"Оған медициналық көмек көрсетілмеді, короанвирусқа тексерілуге рұқсат бермеді. Дәрі-дәрмек пен емделуге арналған аппараттар беруге рұқсат жоқ", - деп жазды Иман.

48 жастағы Гүлнара Каримова мемлекет мүлкін жымқырды, салық төлеуден жалтарды, басқа да экономикалық және қаржы қылмыстарын жасады деп танылған. Биыл наурыз айында оған тағы бір айып бойынша үкім шықты. Ташкент қалалық соты Каримованы "қылмыстық топ ұйымдастырды" деп танып, оны 13 жыл төрт айға соттады.

Тергеу нұсқасы бойынша, Гүлнара Каримова ұйымдасқан топты 12 жыл бойы басқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары