$ 494.87  520.65  4.91

ПТР-анықтамасы жоқ шетелдіктер ұшақ бортына жіберілмейтін болды

Ішкі әуе рейстері кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 26 қазаннан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды  Хабар 24 арнасы.

Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады. ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары