$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да полицейлерге оқ атқан барымташы ұсталды

Оқиға 31 мамыр күні Төле би ауданында орын алған. Барымташыны іздеуге шыққан полицейлерге Ленгер-Жаңакүш жолының бойындағы тоғайға жасырынған күдікті аңшы мылтығымен оқ атыпты. Салдарынан 33 жастағы полиция майоры жанбасынан ауыр жараланған деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Аяғының бірнеше жеріне бытыра тиген тәртіп сақшысын дәрігерлер әзер дегенде аман алып қалғанын айтады. Ұзақ жүргізілген операциядан кейін жәбірленуші есін жиған.

Күдіктінің ізін суытпай ұстау мүмкін болған жоқ. Шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізген құқыққорғаушылар тек араға бір апта салып, 1968 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ол бұған дейін де бірнеше рет мал ұрлығы үшін сотталған екен. Тергеу барысында күдікті өзіне тағылған айыптарды мойындады.

Ұсталған азаматты тексеру кезінде оның үйінен 16 калибрлі аңшы мылтығы табылып, айғақ зат ретінде тәркіленіп алынған. Оның үстінен "Ұрлық" және "Билік өкіліне күш қолдану" деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары