$ 443.35  475.54  4.82

Астанада жоғалған студенттің денесі Есіл өзенінен табылды

Астанада жоғалып кеткен 18 жастағы студент Еркебұлан Спандиярдың мәйіті 12 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында Есіл өзенінен табылды деп хабарлайды NewTimes.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері болмаған.

«Тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізді. Оның барысында марқұмның туыстары табылған мәйіттің Еркебұлан Спандияр екенін растады. Қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалған », — делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге салайық, Еркебұланның анасы 8 маусым күні полицияның кезекшілік бөліміне арызданып, 7 маусымнан бері ұлының жоғалып кеткенін айтқан. Студент таңертеңгі сағат 07:30-да үйінен оқуына қарай шығып, сол күйі оралмапты. Сол күні ол маңызды емтихандардың бірін тапсыруы тиіс болған екен. Алайда, бірге оқитын құрдастары оның ЖОО ғимаратына келмегенін айтты.
Іздеу жұмыстары барысында белгілі болғандай, бозбала оқуына бармай жолдағы емханалардың біріне соққан. Ғимарат ішіндегі дәретханаға ол хат та жазып қалдырыпты, оның мәтіні мынадай: «Кешір, қош бол, мен кеттім, енді еркінмін».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары