Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлердің жалақысын үш жыл ішінде 30 пайызға көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
"Президент ІІМ жүйесінде бірнеше жылдан бері жалақының төмен болғанын атап өтті. Осыған байланысты ол үкіметке тәртіп сақшыларының жалақысын үш жыл ішінде 30 пайыз жоғарылатуды тапсырды", - делінген хабарламада.