$ 494.87  520.65  4.91

Қаржы министрлігі Біртановтың ұсталуы туралы ақпаратқа жауап берді

Ақпарат Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

ҚР Қаржы министрлігі интернет желісіне тараған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталуы туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министріне қатысты тергеу әрекеттері туралы мәліметтердің ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын хабарлайды. Ақпарат болғанда, міндетті түрде хабарлаймыз», - деп жауап берді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі агенттік сауалына.

Бұған дейін, желіде Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болғанын хабар тараған. Ақпарат Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланды. Кейінірек бірқатар БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ұсталғанын мәлімдеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары