$ 448.15  483.46  4.86

Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында да ескерту жариялады
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 1 қараша күні күндіз шығыстан соққан жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысында 1 қараша күні түнде кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары