01.11.2020, 09:49

Бір күнде 216 адамнан пневмония анықталды

фото: 24.kz
Тамыз айынан бері 402 адам көз жұмды.

Кейінгі тәулікте Қазақстанда 216 адамнан пневмония анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 216 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 77 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 37962, 402 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 787-ге жетті", - делінген хабарламада.