$ 494.87  520.65  4.91

Әл-Фараби-1150: Алматыда дөңгелек үстел өтті

Айта кетейік, аталған дөңгелек үстел барысында ғалымның еңбектерін қолжетімді ету, жастар арасында Фараби мұрасын насихаттау, жәдігерлерін жан-жақты зерттеу сынды мәселелер талқыланды.

Алматы қаласында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен ғылым ордасы мұрындық болуымен, Алматы мұражайында «Әл-Фараби – руханият шыңы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби орталығы», «Ғылым Ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры және өзге де ғалымдар қатысты. Олар ғұламаның ғұмыр жолында еткен ерен еңбегіне тоқталып, оны зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

«Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай бүгін осы іс-шараны өткізіп жатырмыз. Ғалымдарды шақырып, пікір алмасу – екінші ұстаз атанған ұлы тұлғаның мұрасын ары қарай насихаттауға аз да болса септігін тигізеді деген ойдамыз. Ал сирек кездесетін жәдігерлерді жұртшылыққа көрсету ғұлама еңбектеріне деген қызығушылықты арттырады деп сенеміз», – деді Алматы мұражайы ғылыми экспозиция бөлімінің басшысы Олжас Атаев.

Айта кетейік, аталған дөңгелек үстел барысында ғалымның еңбектерін қолжетімді ету, жастар арасында Фараби мұрасын насихаттау, жәдігерлерін жан-жақты зерттеу сынды мәселелер талқыланды. Шара барысында Әл-Фарабидің бұрын-соңды жарық көрмеген, түпнұсқалары Швеция және Оксфорд кітапханаларында сақталған қолжазбаларының көшірмелері ұсынылған көрме ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары