Алматыда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық қарсаңында 175 қарағай ағашы отырғызылып, әскери курсанттар Абайдың өлеңдерін оқып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті, деп хабарлайды Sn.kz.
Аталған игі бастамаға Алматы қаласының әкімдігі, Жасыл экономика басқармасы, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясы және қазақ саңыраулар қоғамы мұрындық болған.
«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында біз 175 қарағай отырғыздық. Жазық алаңды қарағай орманына айналдырғымыз келеді. Абайдың өзі табиғатты аялау керектігін көп жазған ғой. Сол үшін де табиғат жанашырлары бірігіп, осындай жұмыстар жүргізіп жатырмыз», – деді «KAZ ECO PATRUL» ҚБ төрағасы Тимур Елеусізов.
Сонымен қатар, қала тұрғындары да отбасыларымен келіп, өз ағашын екті. Ал шара барысында әскери курсанттар Абайдың өлеңдерін оқып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті. Бірлескен жоба қарағай орманын құрып, шаһардағы жасыл желек санын арттыруға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық қарсаңында 175 қарағай ағашы отырғызылып, әскери курсанттар Абайдың өлеңдерін оқып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті.