$ 494.87  520.65  4.91

Абай-175: Алматыда «Абай жұмбағы» қойылымы көрерменге жол тартты

Қойылымдағы көріністердің бәрі де Абайдың өзінің шығармалары мен М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы оқиғаларға сүйене отырып жазылған.

Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік қазақ драма театырың 95-маусымы өз шымылдығын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап ашты. Алғашқы спектакль «Абай жұмбағы» қойылымының премьерасымен ашылды, деп хабарлайды Sn.kz.

Спектакльде жас Абайдың философиялық ой-өрісінің қалыптасу үдерісі сахналанады. Қойылымда ұлы ақынның әлеуметтік ортасынан ерекшеленіп, адамды зерттеуі, оны тану жолында «Толық адам» ілімін ашуы көрсетіледі. Жалпы хәкімдік деңгейге жетуінің жұмбағы суреттеледі. Сондай-ақ, Абайдың кейінгі ұрпаққа айтып кеткен өсиетін бүгінгі заман тынысымен астастыра отырып, ұлттық құндылықтар, бейбітшілік пен келісім дәріптеледі.

«Биылғы жыл Абайдың жылы ғой. Сондықтан негізгі көрерменге береріміз – Абай спектаклі. Көрерменді сағындық енді, көрермен де бізді сағынған шығар», – деді КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов.

Қойылымдағы көріністердің бәрі де Абайдың өзінің шығармалары мен М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы оқиғаларға сүйене отырып жазылған.

«Жалпы ол жерде қазақилық бар. Жаңаша дегенді бөлек түсініп жатады халық. Қазақша бірақ жаңа интерпретациямен, яғни композиторлық жұмыс жасау барысында Абай Құнанбайұлының әртүрлі шығармаларына біз интерпретация жасадық. Хореографпен де символикалық шешімдерге құрадық. Сондықтан келіңіздер, көріңіздер, бағасын беріңіздер», – деді қоюшы режиссер Әридаш Оспанбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары