$ 494.87  520.65  4.91

Елордада жатақхананың бір бөлмесіне 700 адам тіркелген

Үй иесі жатақханада тұрмаған адамдарды үнемі тіркеп отырған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан қаласындағы 18 шаршы метр жатақхананың бір бөлмесінде шамамен 700-ге жуық адам тұрақты мекенжайға тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«Үй иесі жатақханада тұрмаған адамдарды үнемі тіркеп отырған. Тіркелген адамдардың жатақханада тұратынын анықтау үшін полицейлер аталған бөлмені талай рет тексерген. Алайда тұрғындарды анықтау мүмкін болғанмаған. Көршілердің айтуынша, бөлмеде ешкім тұрмайды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары бөлме иесін іздестіріп жатыр, оған қатысты әкімшілік жаза қолданылады», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үй #тіркеу