Жаңалықтар 07.11.2020 сағат 15:49

Елімізде ауыл балалары далада оқуға мәжбүр (ВИДЕО)

Жергілікті тұрғындар интернет пен ұялы байланыс проблемасына басқа да мәселелер қосылды, дейді. Адамдар көп жылдан бері сусыз, газсыз және жарықсыз өмір сүріп келеді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыдан небәрі 20 шақырым жерде орналасқан Жаңадәуір ауылындағы интернет желісінің әлсіздігіне байланысты мектеп оқушылары сыртта оқуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлады Sputnik.kz Астана ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

"Балалар сабақ оқи алмайды. Вай-фай дұрыс ұстамайды. Сондықтан балалармен сыртта бірнеше сағат отыруға мәжбүрміз. Олар суық тигізіп алуы мүмкін. Ал қыста не істейміз, бұл менің ақылыма сыймайды", - деп шағымданды ауыл тұрғыны Қуат Смайылов.

Жергілікті тұрғындар интернет пен ұялы байланыс проблемасына басқа да мәселелер қосылды, дейді. Адамдар көп жылдан бері сусыз, газсыз және жарықсыз өмір сүріп келеді. 

"Қалай да жол табуға тырысып бағамыз. Алыстағы көшелерде тұратын көршілерден сым  тартамыз. Бірақ біз көппіз, сондықтан желіге шамадан тыс жүктеме түседі. Техниканы кезекпен қосамыз. Егер теледидар қосулы тұрса, онда шәйнекті қоса алмаймыз. Шәйнекті қоссақ, теледидарды көре алмаймыз.  Бұл – өмір емес", - дейді ауылдағы түйткілді мәселелерді тізбелеген Ерлан Айжарықов.

Ауылда сондай-ақ, сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі де жоқ.

"Біз суды өз күшімізбен, жерді қазып шығарып аламыз. Бірақ оны ішуге болмайды. Ол – өте лас. Сондықтан оны бірнеше рет қайнатуға тура келеді. Бірақ оны осы күйінде пайдаланудың өзі қауіпті", - дейді жергілікті тұрғын Мәдина Иманбаева.

Жергілікті билік ауыз су мәселесін жақын арада шешуге уәде беріп отыр.

"Бір ұңғыма бұрғыланды, жаңа желіні 3,2 шақырымға дейін ұзарттық. Жақында су жинайтын қоймасы бар заманауи құдық пайдалануға беріледі. Мердігердің жұмысы аяқталуға  шақ қалды. Осы айдың соңына дейін нысанды қабылдап алу, тапсыру мәселесі шешіледі. Сол кезде Жаңадәуір толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі", - деді Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулетхан Жетеуов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар