$ 444.22  476.38  4.82

Корея халқы тоғызқұмалақ ойнауды үйренбек

Үстел ойындарында жаңа жағдай қалыптасады, басқа ойыншының реакциясын бақылау керек.
фото: ortalyq.kz
фото: ortalyq.kz

Сеул тоғызқұмалақпен танысты. Қазақтың ұлттық ойынына арналған 10 тақта корей ойын үйірмелеріне табысталды. Кореядағы Елшілігіміз бұл рәсімді Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Хабар 24

Өйткені тоғызқұмалақ хакімнің сүйікті ойыны болғаны белгілі. Қатысушыларға тоғызқұмалақ тақталарымен қатар Абайдың корей тіліне аударылған жинақтары ұсынылды. Бұл елде алғашқы тоғызқұмалақ үйірмесі бұдан бір жыл бұрын Сеул маңында ашылған болатын. 

"Тоғызқұмалақ математикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді. Өткен жылдан бастап Корея ойындарға үлкен мән беріп отыр. Әрине мобильді және компьютерлік ойындармен айналысатын балалар көбейіп келеді, бірақ осындай ойындар нәтижесін болжауға болады және адам қарсыластың эмоциясын көрмейді. Үстел ойындарында жаңа жағдай қалыптасады, басқа ойыншының реакциясын бақылау керек. Сондықтан үстел ойындары балалардың қоғамға бейімделуіне және ақыл-ойын дамытуға көмектеседі", - деді ойындарды зерттеу ұйымының басшысы Чо Хён Сук.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Корея #Сеул