$ 446.49  475.38  4.79

Ливанда метеорит құлады (ВИДЕО)

Плантацияға аспан денесі құлап, соның салдарынан ірі өрт шыққан.

Ливанның Аккар провинциясының Әл-Талил елді мекенінің маңында жексенбіде 8 қараша күні метеорит құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ливанның NNА ұлттық агенттігінің мәліметінше, плантацияға аспан денесі құлап, соның салдарынан ірі өрт шыққан. Астрофизик Сирина Нехменің айтуынша, оқиға Леонида метеор ағынына байланысты болуы мүмкін.

Ол Жердің атмосферасына секундына 71 км жылдамдықпен ұшатын метеориттермен сипатталады. Бұл жағдайда қарқындылық жылдан жылға өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Libnanews басылымы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары