Жаңалықтар 09.11.2020 сағат 16:00

Елімізде ПТР тест бағасы арзандады

Сондай-ақ медициналық масканың бағасы орта есеппен 21 теңгеге дейін арзандады.
Елімізде ПТР тест бағасы арзандады
Фото: aikyn.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зертхана қызметтері мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Айқын.кз.

Нәтижесінде, ПТР тест бағасы 18 000 теңгеден 9 000-ға дейін төмендетілді.

Атап айтқанда, «Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаны белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаны 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті.

Сондай-ақ медициналық масканың бағасын да өндірушілер орта есеппен 21 теңгеге дейін төмендетті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар