$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда мемлекетке зиян келтірген қылмыстық топ анықталды

ҰҚТ қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал сомасы 386,5 млн. теңгені құрады. Қазіргі уақытта бақылаудағы кәсіпорындардың ақша қаражатына жалпы сомасы 287 млн. теңгеге тыйым салынды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қарағандыда бес жыл бойы жалған шот-фактуралар жазып келген қылмыстық топ мемлекетке 386 млн. теңгеге залал келтірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР ҚК Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бес жыл бойы Қарағанды қаласының аумағында жұмыстарды нақты орындамай және тауарларды жеткізбей жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз қызметпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.
  
Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың бақылауындағы 27 кәсіпорын құрғандығы анықталды. Бұл кәсіпорындар қызметке және жалған шот-фактураларды жазып беруге заңдылық беру мақсатымен салық салынатын айналымды жасанды ұлғайту үшін топ мүшелері және басқа тұлғаларға тіркелген немесе сатып алынған. Қылмыстық әрекеттерді жасыру мақсатында белгілі уақыттан кейін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының басқа облыстарына қайта тіркелген. 

ҰҚТ қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал сомасы 386,5 млн. теңгені құрады. Қазіргі уақытта бақылаудағы кәсіпорындардың ақша қаражатына жалпы сомасы 287 млн. теңгеге тыйым салынды.  

Бүгінгі таңда қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары