$ 494.87  520.65  4.91

Садыр Жапаров: Қырғызстанның бір метрін де Қытайға бермейміз

Ол Қытайға Жетім-Тооның берілгенін жоққа шығарды.
Фото: dw.com
Фото: dw.com

Қырғызстан билігі сыртқы қарызы үшін Қытайға жері мен кен орындарын жалға бермейді. Бұл жайында бүгін президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Араша сайты.

Ол Қытайға Жетім-Тооның берілгенін жоққа шығарды.

«Жетім-Тооның бір метрін де Қытайға бермейміз. Біз қарызды өтеудің басқа көздерін қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе шешіледі. Шешілмейтін мәселе болмайды», – деді журналистердің сауалына жауап берген Жапаров.

Президенттің міндетін атқарушы ісін билік ауысқанға дейін бастаған кен орындарының өз жұмысын жалғастыратынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары