$ 448.15  483.46  4.86

215 қаз Қырғызстанға «заңсыз өтпек болған»

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар заңсыз түрде халық тұтынатын тауарларды, 215 қаз бен 50 грамм гашиш өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қазақ-қырғыз шекарасындағы «Сыпатай батыр» (автомобильдік) өткізу-бақылау бекетіндегі бақылаушыларға отандасымызды ұстауға тура келді. Тексере келгенде аталған азаматтың жалпы құны 400 мың теңгені құрайтын халық тұтынатын заттарды заңсыз өткізуге әрекеттенгенін анықталды.

Іс материалдары жергілікті кеден қызметкерлеріне берілді. 

Сондай-ақ, «Сыпатай батыр» заставасының шекарасында үй құстары болып табылатын - 215 қазды Шу арнасы арқылы заңсыз айдап өткізбек болған қазақстандық азамат ұсталды.  Оған қатысты әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 391 бабы 1 тармағы 1 тармақшасы бойынша айыппұл салынды (10 айлық есептік көрсеткіш).

«Қазақстандық-ресейлік шекарадағы «Жайсаң» (теміржолдық) өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары «Алматы  Орал» бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жасау кезінде тамбурға жасырылған есірткілік зат  50 грамм «гашишті» анықтады», делінген хабарламада.

Аталған деректер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары