$ 448.89  477.93  4.76

Елордалық оқушыларға дауларды шешу жолдары жайлы айтылды

Бізде білім саласында да, отбасында да, құрылыс және банк саласында да және басқа да салаларда медиация бар.

Бүгін Google Meet платформасында Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары арасында медиация жөнінде кездесу өтті, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры мен «QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының қолдауымен, «QORGAU» заңгерлер мен медиаторлар зияткерлік клубының ұйымдастыруымен өткен шараға қырықтан аса жоғары сынып оқушысы қатысты.

«QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының президенті, кәсіби медиатор, құқық магистрі Әсел Сайлаубай атап өткендей, оқушылар арасындағы дауды азайту үшін мектеп медиациясының қызметі мен құрылымды сұхбат құруды дамыту маңызды.

«Біздің көпшілігіміз медиация сөзін естігенімізбен, оның мағынасын түсінбеуіміз мүмкін. Медиаторлар, олар адамдарға тек дауларды шешуді ғана емес, қалай сөйлесу керектігін де үйретеді. Оқушылар арасында қандай да бір түсініксіз жағдай орын алғанда біз бірінші кезекте, өздерінің дауларын реттеуді үйретеміз. 10-11 сыныпта үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған өтпелі кезең болғандықтан, олардың ішкі қайшылықтары немесе ересектермен келіспеушіліктер орын алып тұруы заңдылық. Айта кету керек, өміріміздің барлық жағдайында да біз медиацияны қолдана аламыз. Бізде білім саласында да, отбасында да, құрылыс және банк саласында да және басқа да салаларда медиация бар», – деді Әсел Сайлаубай.

Сондай-ақ дәріс барысында спикер келіспеушілік, түсініспестік, дау арасындағы айырмашылық туралы айтып, оның шешу жолдарын түрлі мысал келтіре отырып жеткізді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Естеріңізге салсақ, клуб медиаторлары «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагогтары мен ата-аналарға, оқушыларға медиация жөнінде дәрістер мен тренингтер өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары