$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «ЖРВИ» жұқтырғандар саны күрт өсіп жатыр

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ЖРВИ және тұмау секілді маусымдық аурулардың өршуіне байланысты қиындаған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық басқару департаменті ЖРВИ жұқтыру дерегінің өсуі байқалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ЖРВИ және тұмау секілді маусымдық аурулардың өршуіне байланысты қиындаған. Өткен жылмен салыстырғандажіті респираторлық вирустық инфекциялармен аурулар 2,2 есе өскен. 

"Барлық топтағы адамдардың коронавирус жұқтыру деңгейі өсіп келе жатқаны алаңдатып отыр. Науқастардың саны 22 қазаннан бері күрт өсті. Кейінгі тәуліктің өзінде коронавирус жұқтырған 77 адам анықталды. 

Бұл адамдар көп жиналатын орындағы эпидемиологиялық процестің белсенді болуына байланысты. Эпидтергеу нәтижесінде вирус жұқтырудың 53 пайызы қоғамдық көлікте, 23 пайызы үй жағдайында, 17 пайызы қоғамдық пайдалану орындарында болатыны анықталды", - дейді ведомство өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #тұмау