Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 8 882 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 970 науқас жатыр. 5 912 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 24 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.
2020 жылғы 15 қарашада тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат мынадай: кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 226 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 71 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40149, 418 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29556 жетті.