$ 494.87  520.65  4.91

Елорданың бас санитар дәрігері екінші тоқсанға қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Жаңа ереже 2020 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енбек.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Астана қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева елордалық мектеп оқушыларына қатысты жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа қаулыда екінші тоқсаннан бастап жалпы білім беретін мектептерде 5 сынып, ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін офлайн режимде оқитыны айтылған.

"1-5-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептердің кезекші сыныптарынан және 1-7-сыныптан бастап халықаралық мектептерден басқа, сыныпта 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмысына жол берілетін білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастырылсын. Оффлайн-режимде оқитын оқушылар арасында коронавирус инфекциясының бір жағдайы тіркелсе ата-аналардың өтініші бойынша барлық сыныптарды онлайн-оқытуға көшуге қатаң түрде жол беріледі", - делінген бас санитардың қаулысында.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы қабылданғын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруге міндеттелді. Жаңа ереже 2020 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары