Атырауда психотроптық дәрілік препараттарды заңсыз сатумен айналысқан үш адам ұсталды, деп хабарлайды 24kz.
Облыс полицейлері күдіктілерді «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы барысында қолға түсірген. Олардан 240 дана «Трамадол» және 18 құты «Тропикамид» дәрілері тәркіленді.
"Анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысы бар тұлғаларды, оның ішінде 1 медицина қызметкерін жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Атырау облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды", - деді ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.