Халыққа қызмет көрсету орталығы клиенттердің уақытын үнемдеу мақсатында кезекке онлайн жүйесі арқылы тұру қызметін ұсынып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«ХҚКО» РМК бас директоры М.Айтуғановтың айтуына қарағанда, «Жазғы уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарына халықтың көптеп ағылуын ескерсек, аталған мүмкіндік клиенттің уақытын айтарлықтай үнемдейді».
Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, кезекті броньдау рәсімі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуын талап етпейді және 3 қадамнан тұрады.
― Құжаттар алуға тілек білдірушілердің мұншалықты көп саны демалыс маусымымен байланысты. Қазір көптеген адамдар паспорттар алуға ХҚКО-ға келеді, себебі шетелге шықпақшы болады. Кейбіреулері алғаш рет жүгінеді, себебі басқа елге бірінші рет шыққалы отыр, енді басқалары құжаттарын ауыстырады, себебі оның қолданылу мерзімі виза алуға жеткілікті емес болып табылады, ― деп түсіндірді Айтуғанов.
Клиенттердің Халыққа қызмет көрсету орталықтарына көптеп ағылуы тамыз айында да күтілуде. Айтуғановтың айтуынша, «тамыз бұл бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мекенжай анықтамасын алуға жүгінетін шағы, себебі баланы мектепке қабылдау үшін осы анықтаманы ұсыну қажет болады».
Бұл мүмкіндікті мына электрондық үкімет порталында іске асыруға болады.
Аталған қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету орталығында ғана емес, сондай-ақ электрондық үкімет порталында үй компьютері арқылы да алуға болатындығын атап өтеміз.
Мекенжай анықтамасын алу рәсімі орташа есеппен бірнеше минуттарға созылады.