$ 448.15  483.46  4.86

Шет елден Қазақстанға ұшып келген 47 жолаушыдан коронавирус расталды

Оның ішінде COVID-19 анықтамасымен 47627 жолаушы, 5083 адам анықтамасыз келген.

Алматы халықаралық әуежайына 6-23 қараша аралығында 52733 жолаушысы бар 389 рейс ұшып келген.

Оның ішінде COVID-19 анықтамасымен 47627 жолаушы, 5083 адам анықтамасыз келген. Қаланың халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. Шетелден келушілер үшін 6 карантиндік стационар ұйымдастырылды.

«ПТР тест тапсыру үшін 5060 адам карантиндік стационарға жатқызылды. 47 жолаушыдан вирус бары анықталды. Сондай-ақ, анықтаманың жоқтығынан 23 шетелдік азамат депортацияланды. Алматы әуежайында халықаралық рейстермен мегаполиске коронавирус инфекциясына тестілеуден өткені туралы анықтамасыз келген азаматтарды анықтау бойынша қатаң бақылау жүргізіледі», - деді әкімдіктен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары