$ 443.35  475.54  4.82

19 жастағы көкек ана сәбиін әжетханаға тастап кеткен

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз колледж студенті. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны дүниеге бала әкеліп, оны әжетханаға тастап кеткен, деп хабарлайды  "Мой ГОРОД" сайты.

Оқиға 23 қарашада Казталов ауданы Жаңажол ауылында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел баласын туып, оны пакетке орап, дәретханаға тастай салған. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері қыздың үйде тірі бала босанғанын хабарлады.

"Медициналық сарапшылардың қорытындысы бойынша, нәресте гипотермиядан қайтыс болған. Қыздың өзі қазір ауруханада, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз колледж студенті. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл деректі растады және іс бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Еске салайық, 2018 жылдың тамызында Қостанай облысының тұрғыны Затобол ауруханасының дәретханасында босанып, сәбиін шелекке лақтырған. Дәрігерлердің қырағылығының арқасында сәби аман қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары