$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-дағы интернатта қайтыс болған балалардың ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді

Сараптама қорытындысына сәйкес, балалардың өлімі өкпе фиброзы, екі жақты іріңді бронхолық пневмония сияқты жанама аурулардың салдарынан болған.

ШҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының жетекшілік етуімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Аягөз қаласында орналасқан арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілердің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында эксгумация және екі комиссиялық сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. Комиссия құрамына балалар инфекционисті, кардиолог, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, педиатр, Нұр-Сұлтан қаласынан гистолог-сарапшылар және Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау комитетінің мамандары қатысқан.

Сараптама қорытындысына сәйкес, балалардың өлімі өкпе фиброзы, екі жақты іріңді бронхолық пневмония сияқты жанама аурулардың салдарынан болған. Мәйіттерді тексеру барысында үш балада, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған дене жарақаты жайлы ақпарат анықталған. Алайда аталған дене жарақатының балалар өлімімен байланысы жоқ.

«Осыған байланысты, ауыр дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық істер бөлек өндіріске шығарылып, ары қарай тергеу үшін Полиция департаментіне жолданған», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Қазіргі уақытта тергеу басқармасы аталған дене жарақатын алу жағдайын анықтауға бағытталған бойынша қосымша шаралар қабылдауда. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілерге тиісті медициналық көмек көрсетпеу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданған.

Еске сала кетейік, осы көктемде Аягөз қаласындағы интернатта 4 баланың көз жұмғаны хабарланды. Белгілі болғандай 4 бала, бір айдың ішінде араға 7-10 күн салып қайтыс болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары