$ 494.87  520.65  4.91

«Пандемия қаупі күшейіп барады»: Алматы «сары» аймақтар санатына қосылды

Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай нашарлаған жағдайда режимді күшейтеміз.
фото: kursiv.kz
фото: kursiv.kz

Алматы коронавирусты жұқтыру қаупінің "сары" аймағына кірді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті алматылықтар. Бәрімізге оңай болмаған 2020 жыл бізге көп нәрсе үйретті. Маңыздысы бізге босаңсуға әлі ерте. Пандемия әлі біткен жоқ. Бүкіл әлемнің көрсеткіштері алаңдатарлық болып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің "сары " аймағына кірді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай нашарлаған жағдайда режимді күшейтеміз", - деп жазды Алматы әкімі.

Бұған дейін Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы Covid-19-ға қатысты тұрақсыз жағдай жайлы мәлімдеген болатын.

"Бас санитарлық дәрігер енгізген шектеу шаралары аурудың өсуін тежеп, "сары" және "жасыл" аймақтардың арасында тұрмыз. Аурудың басым бөлігі Бостандық және Алмалы аудандарында.

Алмалы ауданында - 28,5 пайыз, Бостандық ауданында - 29,4 пайыз. Бұл көрсеткіштер бізге қауіп-қатер аймағын береді. Қауіпті аймақта Әуезов және Медеу аудандары тұр. Бұл аудандарда түнгі клубтардың, сауда орталықтарының саны көп", - деді Бекшин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары