$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте мұғалімдердің шағымынан соң мектеп басшылығы жазаға тартылды

Мектеп мұғалімдері кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тартылған. Мәселен, 2019-2020 оқу жылының соңында Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған.
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара расталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тексеру барысында мектеп әкімшілігі тарапынан «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заң талаптары бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне тартылған. Мәселен, 2019-2020 оқу жылының соңында Шымкент қаласындағы №125 мектеп мұғалімдері мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, міндетті тізбеде жоқ құжаттарды толтырған. Одан бөлек, мектеп әкімшілігі ұстаздарды газеттер мен журналдарға жазылуға мәжбүрлеген», - делінген хабарламада.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өңірлік департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша №125 жалпы орта білім беру мектебінің лауазымды тұлғалары заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары