1 желтоқсан күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікке сенбі және жұмыс күндері жүруге рұқсат етілді, ал жексенбі күндеріне тыйым салынды. Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды», - делінген хабарламада.
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.