01.12.2020, 03:57

Нұр-Сұлтандағы «Жекпе-жек» сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың тамыз айында 69 жасында дүниеден өтті.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайына Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«Жекпе-жек» сарайы 2019 жылы ашылған. «Жекпе-жек» сарайында балалармен қатар ересектер де жаттыға алады.

Сондай-ақ, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінің бәрінен халықаралық жарыстар өткізуге де болады. Ал спорт залы 5 мың адамға арналған. Сонымен қатар 25 метрлік бассейн, фитнес-орталығы, қонақүй мен шағын футбол алаңы да бар, - делінген хабарламада. 

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың тамыз айында 69 жасында дүниеден өтті.