$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбедегі лаңкестікке қатысқан 9 содыр 2 айға қамалды

Ақтөбедегі қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасады деген күдікпен қолға түскен 9 күдікті 2 айға қамауға алынды деп жазады Tengrinews.kz Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе қалалық №2 сотына 16 мен 29 жас аралығындағы 9 адамды қамауға алу туралы өтінім келіп түскен. Тергеу судьясының шешімімен аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу туралы өтініш мақұлданып, 8 және 14 маусым күндері оларды 2 айға қамау туралы шешім шығарылды", - делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге салайық, лаңкестер тобы Ақтөбедегі қару-жарақ сататын екі дүкен мен әскери бөлімге маусым күні шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 18 содырдың көзі жойылды. Қайтыс болғандар қатарында 3 әскери қызметкер мен 4 бейбіт тұрғын бар.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында аталған терактіні салафизм ағымын ұстанушылар ұйымдастырғанын айтты. Нұсқауды олар шетелден алып отырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары