$ 494.87  520.65  4.91

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Атмосфералық ауа ағындардың әсерінен республиканың оңтүстік-шығысында және солтүстік-шығысының кей жерінде қар жауады. Қазақстанның қалған аймақтарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстікте жел күшейеді. 

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде күндіз жаяу бұрқасын күтіледі, Павлодар облысында күндіз кей жерінде жел 15-20м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында –тұман. 

Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы