$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде ақталып шыққан шенеунікке мемлекет өтемақы төлейтін болды

Жанаргүл Дүйсекеноваға 50-ге жуық ақтөбелікті мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп алдады деген айып тағылды.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

 Ақтөбеде ақталып шыққан шенеунікке мемлекет өтемақы төлейтін болады. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенова қаржы министрлігінінің үстінен сотқа шағымданған, деп хабарлайды КТК арнасы.

 Себебі, ол бір жыл бойы тергеуде болып, оның бес айын абақтыда өткізген еді. Жанаргүл Дүйсекеноваға 50-ге жуық ақтөбелікті мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп алдады деген айып тағылды. Бірақ жәбірленушілердің бірде-бірі шенеуніктің алаяқтық жолмен ақша алғанын сотта айта алмады. 

"Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкерінен алдандық" - деді. Ақыры сот тұрғын үй қатынастары бөлімінің экс-басшысын ақтап шықты.

 Енді Жанаргүл Дүйсекенова өзін бір жыл бойы жазықсыз әуреге салып, абақтыға жапқандардан 3 миллион теңге өтемақы талап еткен. Азаматтық істі қараған судья шығын көлемін 800 мың теңгеге бағалап, оны қаржы министрлігінен өндіруді жөн деп шешіпті. Ал  жәбірленуші: "Бастысы – ақша даулау емес, тергеушілерге кешірім сұрату еді", - дейді.

"Ақша туралы мәселе емес. Іштегі сол оқиғалардың енді орнын келтіру үшін, мені мемқызметкердің атағына қайтару үшін. Өкініштісі, құқық қорғау органдардың шешімі қанағаттандырған жоқ. Яғни менің алдымда кешірім сұрау", - деді жәбірленуші Жанаргүл Дүйсекенова.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары