$ 439.43  473.31  4.82

Астанада жоғалып кеткен бір үйдің екі баласы аман-есен табылды

6 шілде күні үйінен кетіп, сол күйі оралмаған 14 жастағы қыз бен оның 2 жасар інісі Алматыдан табылды деп жазады Tengrinews.kz.

Балалардың анасы Нұрсұлу Тізекбаеваның айтуынша, олар Алматыдағы көшелердің бірінен табылған. "Балалардың әкесіне Жансаяның телефонынан хабарлама келді. Онда екі ер азаматтың телефонды алып қоймақшы болғаны және қара автокөлікке отырғызып, алып кетпек болғаны жазылған", - дейді әйел.

"Балалар өздерінің қайда жүргенін білмейді. Тергеушілер маңайды суретке түсіріп, полицияға жіберуін сұраған болатын. Сол сурет арқылы тәртіп сақшылары олардың Алматыдағы Сайран автовокзалының маңында екенін анықтады", - дейді Тізекбаева.

Оның айтуынша, балалар қазір Алматыда. Олар әлі полицейлермен сөйлеспепті. Жансаяның өзі анасымен хабарласып, тамақтанғанын айтқан. Енді тәртіп сақшылары екі баланы ұшақпен Астанаға алып келуі тиіс.

Астаналық ішкі істер департаменті балалардың табылғанын растап отыр. Полицейлер оқиғаның қалай өрбігенін анықтауда. Автовокзалдың маңынан табылғандарына қарағанда, олар Алматыға дейін автобуспен келген болуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, 14 жастағы Жансая Әбілқайыр 6 шілде күні таңертеңгі сағат сегіздер шамасында екі жасар інісімен үйінен шығып кеткен. Бұл уақытта олардың анасы жұмыста болған екен. Жепткіншек қыз алысқа кеткенін, үйіне оралмайтынын айтып, анасына хат қалдырыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары