$ 444.22  476.38  4.82

Ақмолада ескі үйдің шатыры құлап, әйел мен кішкентай бала қайтыс болды

Ақмола облысында әбден тозығы жеткен жер үйдің шатыры опырылып түсіп, ғимарат ішінде болған әйел мен оның кішкентай баласы көз жұмды деп хабарлайды Tengrinews.kz, облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 7 шілде күні орын алған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Бұланды аудандық ІІБ-нің кезекшілік бөліміне өрт сөндірушілер хабарласып, болған жайттан құлағдар еткен.

"Макинсктегі Луговой көшесінде орналасқан үйдің шатыры опырылып қалған. Тексеру барысында белгілі болғандай, жатын бөлменің төбесі құлаған екен. Үйінді астынан 1961 жылы туған әйел мен оның 2004 жылғы баласының денелері табылды. Мәйіттер мәйітханаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жұмыстары жалғасуда", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ІІД өкілдерінің хабарлауынша, аталған жайт қайғылы оқиға болғандықтан қылмыстық іс қозғалмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары