$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте 4 жасар қызды азғындаған педофил ұсталды

Оқиға 11 шілде күні орын алған. Ордабасы алаңына жақын маңдағы аулалардың бірінде ойнап жүрген 4 жасар қыз баланы күдікті әткеншектен көтеріп алып кеткен деп хабарлайды TVK телеарнасы. Бұл сәтте жәбірленушімен ойнап жүрген өзге балалар дереу үлкендерге хабар берген.

Күдікті ер азамат кешкі сағат сегіздер шамасында дәмханадан спирттік ішімдікке тойып шығып, сол маңдағы аулалардың біріне кіреді. Көзіне ең бірінші әткеншекте отырған сәби түскен. Қыз баланы зорлау үшін ол көзден таса жерге алып кетіпті. 

Араға көп уақыт салмай сәби табылған. Күдікті де ұсталды. Жарақат алған баланы жедел жәрдем ауруханаға жеткізсе, араққа тойған ер азамат қамауға алынды. Ол өзінің кінәсін мойындамай отыр.

Кейінірек анықталғандай, ұсталған ер азамат Ордабасы ауданының тұрғыны екен. Ол үйленген, бірнеше баласы да бар. не үшін мұндай азғындыққа барғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары