$ 474.72  515.17  5.58

Ақтөбеде 12 лаңкеске сот үкімі шықты

Бүгін Ақтөбе қалалық №2 сотында Сирияға барып соғыспақ болған 12 адамға сот үкімі шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сотталғандардың ең кішісі 20 жаста болса, ең үлкені 57-ге келген. Сот отырысында олардың ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны дәлелденді. Атап айтқанда, лаңкестік топ қатарына қосылуға әрекет етті, лаңкестікті қаржыландырды, лаңкестік жасамақ болды деген айыптар тағылды. Сот олардың бәрін кінәлі деп тауып, 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстарының тұрғындары Сирияға барып, "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобына қосылмақ болған және Таяу Шығыста лаңкестік әрекеттер жасауды жоспарлаған. Осы ойын жүзеге асыру үшін олар интернет арқылы лаңкестермен тікелей байланысқа шығып, шетелден нұсқау алған. Ал, шекара асу үшін Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының құжаттарын қолдан істеуді жоспарлапты. Сотталғандардың бірі осынау топты қаржыландырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары