$ 480.55  533.75  5.36

«Ислам мемлекеті» Иракта спорттық жарыс өткізіп, жүлделі орындардың бәрін өздері жеңіп алды

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары Ирактың өздері жаулап алған Таль-Афар қаласында спорттық жарыстар өткізді. Бұл туралы The Daily Express басылымы хабарлап отыр.

Жарыстарға 5 жастан асқан балалардан бастап ересектерге дейін қатысқан. Жеңімпаздарға түрлі тәтті тағамдар сыйға берілген.

Жуоналистерге сұхбат берген жергілікті тұрғындардың айтуынша, спорттық шараларды лаңкестердің өздері ұйымдастырған. «Бұл өте түсініксіз, ақылға мүлдем қонбайтын ойындар болды. Атап айтқанда, музыка ырғағымен орындықтарды айналып жарысу, арқан тартыс секілді жарыстар. Содырлар жергілікті тұрғындарды оған мәжбүрлеп қатыстырды, біз бас тарта алмаймыз ғой» — дейді қала тұрғыны.

Ересектепр арасындағы жарыстарға лаңкестердің өздері де қатысқан. Жеңсек өлеміз деп ойлаған қарапайым тұрғындар барлық жарыста содырларға қасақана жеңіліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары