$ 445.66  474.58  4.78

Ресей Байқоңырды Қазақстанға жақын уақытта бермейді - Роскосмос

Ресей тарапы Байқоңырдан әзірге бас тартпайтынын айтып отыр. Тіпті, Восточный ғарыш айлағы құрылысының екінші кезеңі аяқталғаннан кейін де Роскосмос Байқоңырдан өз зымырандарын ұшыруды жалғастыра бермек. Бұл туралы Роскосмос басшысы Игорь КОмаров мәлімдеді деп жазады roscosmos.ru.

"Байқоңырды тастап, барлық ұшыруларды Восточный айлағынан жүргізу жоспарда жоқ екенін ашық айта аламын. Байқоңырда пилотты ұшыруларға қажетті инфрақұрылымның барлығы қалыптасқан, оның үстіне ұшу алдындағы дайындық жүргізетін орталық та бар. Және бұл орталық өзін жақсы қырынан көрсетті, оның әлеуеті әлі де ұзаққа жарайды. Сондықтан, "Союз" зымыран тасығыштарын Байқоңырдан ұшыру әзірге дұрыс шешім болып отыр", - дейді Комаров.

Оның айтуынша, Восточный ғарыш айлағынан да пилотты ұшырулар жүзеге асатын болады. Ол жерден жаңа "Ангара-5П" зымыран тасығышы ұшырылса, Байқоңырдан улы "Протон" ракеталарын ұшыру жұмыстары жалғаса бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары