$ 443.37  474.49  4.83

Шымкенттегі педофилдің 5 жасар қызды зорлағаны расталды

Оқиға 11 шілде күні кешкі сағат сегіздер шамасында орын алған болатын. Ордабасы алаңының маңындағы аулада ойнап жүрген балаларға келген ер азамат, әткеншекте отырған кішкентай қызды күшпен алып кеткен. Араға уақыт салып, сәбиді ата-анасы тауып алып, полицияға арызданды. Медициналық тексеру барысында күдіктінің жәбірленушіге зорлық жарақатын салғаны анықталды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай қстаған. Ол Ордабасы ауданының 1982 жылғы тұрғыны. Ұсталған азамат оқиғадан сәл бұрын спиртік ішімдік ішіп, мас болғаннан кейін арам ойын жүзеге асырыпты. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау абақтысына жабылып, тергеуден өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін мәлімдеме жасаған ОҚО Ішкі істер департаменті жәбірленген қыздың ешқандай жарақат алмағанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары