$ 443.37  474.49  4.83

ОҚО-да өзбек жұмысшылары үй иесін пышақтап, 2,5 млн теңгесін қолды қылған

Оқиға 5 шілде күні Қазығұрт ауданында орын алған. Жергілікті тұрғынның үйінде жалданып жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары үй иесі - 1976 жылы туған әйелді бірнеше рет пышақтап, оның 2,5 миллион теңгесін қолды қылған. Ауыр жарақаттанған жәбірленуші ауруханада.

Оқиға орнына келген полицейлер күдіктілерді ізін суытпай ұстай алмаған. Дегенмен, шұғыл іздеу жұмыстары барысында 1994 жылы туған Өзбекстан азаматы қолға түсті. Ол қазіргі таңда қамауға алынып, тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Тәртіп сақшылары аталған жайт бойынша "қарақшылық" дерегімен қылмыстық іс қозғады. Айғақ зат ретінде пышақ тәркіленген. Ал, 1986 жылы туған екінші өзбек азаматына іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары