$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандағы қоғамдық дәретханалардың біріне Жириновскидің есімін беру ұсынылды

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновскидің Қазақстаннан көше атауын сұрауы қазақ қоғамының ашуын туғызды. "Дала мен қала" порталына берген сұхбатында ол тек көше ғана емес, Алматыдағы өзі оқыған №25 орта мектепті Жириновский атына ауыстырып, өзі тұрған үйден музей жасауды ұсынған болатын.

«Ресейліктер Қазақстанға құрметпен қарайды. Оның арасында мен де бармын. Қазақстан – менің шағын Отаным. Алматыдағы Масанчи көшесіне менің атымды берсе қарсы емеспін. №25 мектепке де менің атымды беріп, мен тұрған үйді музейге айналдырса, тіпті керемет болар еді... Есесіне, болашақта сіздерге туристер келетін болады. Бұл сіздерге тиімді», - деді В.Жириновский қазақ тілшілеріне берген сұхбатында.

Ал, әлеуметтік желілерде қазақстандықтар көше емес, қоғамдық дәретханалардың біріне орыс саясаткерінің есімін беруді ұсынуда. Сондай-ақ, "Жириновский атындағы жындыхана" деген атау да психдиспансерлердің бірінің көркін ашады дейді Фэйсбук пайдаланушылары.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ресейлік журналистерге берген сұхбатында Владимир Жириновский Қазақстан деген елдің бар екенін мойындамайтынын, Қырымнан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарын да Ресейге тартып алу керектігін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары