$ 444.22  476.38  4.82

Мені өлгендердің ішіне қосып қойыпты - Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов жас күнінде қатты ауырып, өлім аузынан қалай аман қалғанын айтып берді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Белгілі ақын, драматург Мұхтар Шаханов Мұқағали Мақатаев туралы естелікті жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты. 

Біз Қазақстан Жазушылар Одағында жас ақындардың шығармаларын талқылап отырған едік. Мұқағали кіріп келді, денесі мендей екеу келеді. Сөйтіп санады, 65 адам екенбіз. Содан кейін әрқайсың бір-бір сомнан бермесеңдер көкелеріңді танытамын деді. Барлығы жинап берді. Содан кейін 2 сом жетпейді ғой деді. Сізді біз аға деп сыйлап келдік, енді бүгіннен бастап жұқалық мінез көрсеткеніңіз үшін, 

әрбір адамнан бір сомнан жинап бұқалық мінез көрсеткеніңіз үшін сізді бұдан кейін Жұқағали Бұқатаев деп атаймыз дедім. Жұрттың бәрі ду күлді. Міне болған оқиға осындай, оның алып тастайтын жері жоқ. Міне осылай. Таза шындық! – деді Мұхтар Шаханов.  
Сонымен қатар, Мұхтар Шаханов жас күнінде қатты ауырып, өлім аузынан қалай аман қалғанын айтып берді. 

Мынадай жағдай болды. Жастау кезім. Сонда мен қатты ауырып, ауруханаға түстім. Қатты ауырдым, есімнен танып қалдым. Сосын әйелім жедел жәрдем шақырып, сонымен алып кетіп, содан кейін есімнен танып құлап қалыппын. Содан кейін, мені өлді деп, өлгендердің ішіне апарып қойыпты. Өлгендерді жинап қойған жер бар екен, сол жерге апарып қойыпты. Сол кезде Құдайдың құдіреті телефоным шылдырады. Ол кезде телефон жаңадан шығып жатқан кез. Телефон шылдырады. Көтерсем Шыңғыс Айтматов. Мұхтаржан не болды? Ол кезде Брюссельде елші болып істейтін. Ол жақта түнгі сағат 4-5-тің кезі. Саған телефон соққым кеп кетті дейді. Мен командировкаға кетіп бара жатқан едім, өлгендердің ішіне қосып қойыпты. Сөйтіп айқайладым бір кезде. Адамдар келіп, тірі екен ғой деп ап кетті, – дейді Мұхтар Шаханов.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары