$ 443.85  474.3  4.8

Оралда жол үстінде көлік жанып кетті

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Оралда жол бойында автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 17 желтоқсан күні кешкісін Орал-Атырау жолының 8-шақырымында Желтау (Свистун гора) ауданында болды.

Сағат 20.14-те Skoda Fabia автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.

Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері барып, өрт 20.35-те сөндірілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бауырларын өрттен алып шыққан 16 жастағы қыздың марапатталғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары