$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: ШҚО-ның бас дәрігері Қаулыға өзгеріс енгізді

Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ, Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары сақталады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ШҚО-да карантин ұзартылды. Бүгін облыстың бас санитар дәрігерінің тиісті қаулысы жарияланды.

"Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылдың 21 желтоқсанында сағат 00.00-ден бастап 2021 жылдың 04 қаңтары сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ, Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары сақталады.

Бұрынғыша мына шектерулер сақталады: 

- қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелер мен кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдарда, көпшілік  ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, бейбіт жиналыстар, көрмелер, форумдар, конференциялар, жаңа жылдық іс-шаралар (корпоративтерді);

- жаппай отбасылық, салтанатты, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) іс-шаралары, оның ішінде үйде;

-көпшілік жиналатын орындарда (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (Концерт залдары, клубтар) жаңа жылдық театрландырылған көпшілік қойылымдар, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтері, шоу-бағдарламалар, концерттер және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол бермеуді бақылауды қамтамасыз ету.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары