$ 513  541.16  4.69

Қырғыздар салафизммен күресудің жаңа жолын ойлап тапты (ФОТО)

Қырғызстан билігі діни радикализммен күресудің жаңа тәсілдерін қолдана бастады деп жазады Akipress. Бүгінде Бішкек көшелеріне ұлттық киім және хиджаб пен никаб киген қыз-келіншектердің, әйелдердің баннерлері ілінуде. Ал, ел президенті Алмазбек Атамбаев болса осынау игі бастаманы бүкіл Қырғызстан аумағында жүргізу үшін қосымша қаржы бөлінетінін мәлімдеді.

«Мәдениеттерді шатастырмайық, арабтардың, пәкістандықтарды, өзге ұлттардың... Бізге өзге мәдениеттің қажеті жоқ, өйткені өз мәдениетіміз бар. Бізде тіпті, сөздер мен атауларды алмастырғысы келетіндер бар. Мен Құранды бір емес, бірнеше рет оқығанмын және қасиетті кітаптан олардың айтып жүргендерін көргенім жоқ. Бізге өзгенің мәдениетін тықпалаудың қажеті жоқ», - дейді қырғыз президенті.

Оның айтуынша, Қырғызстан халқы мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан өз дәстүрімен жүріп келеді. Ал, қазіргі таңда дін атын жамылып, өзге ұлттың мәдениетін тықпалайтындар көбейді дейді ол.

«Дәл қазір мұндай банерлер керек. Өйткені, мәдениет киімнен, тілден басталады. Бұларды жаулағаннан кейін басымызды ала бастайды. Бұл киімдердің исламға түк қатысы жоқ. Ислам — бейбітшілік пен қайырым діні. Біздің мемлекет тәуелсіздік жылдарынан бері дінмен айналысқан емес. Бірақ, үш жыл бұрын біз діни салада нақты концепция әзірлеп, онымен айналыса бастадық», - деп атап өтті Атамбаев.

Айта кетейік, Бішкек көшелеріне ілінген баннерлерге «Қайран ел, қайда барамыз?» деп жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары