$ 499.51  525.83  4.62

Алматыда қайта сел жүруі мүмкін

Алматыда сел жүру қаупі тағы туындап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандар тұрғындарға сақ болуды ескертіп отыр.

"Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидрометтің" 14 шілдеге жариялаған дауылды ескертуіне байланысты ескертеді: Бүгін кешке және алдағы тәуліктерде толассыз жауатын жаңбыр салдарынан Алматы облысындағы өзендер арнасынан асып, су тасқыны және сел жүруі ықтимал", - делінген ТДЛ хабарламасында.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың шілдесінде де Алматының Наурызбай ауданында сел жүрген болатын. Ол кезде Қарағайлы және Каменка елдімекендерін лайлы су шайып кеткен еді. Абырой болғанда, адам шығыны орын алған жоқ, дегенмен, келтірілген материалдық шығын көлемі орасан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары